Оқиға

ШҚО-да саусағы құбырға қысылып қалған балаға құтқарушылар көмекке келді

ШҚО Күршім ауылында құтқарушылар саусағы құбырға қысылып қалған балаға көмекке келді, деп хабарлады Elordainfo.kz 112 KZ-ке сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, сегіз жасар бала үйде ойнаған, ал үй жұмысымен айналысып жүрген анасы оқиғаның қалай болғанын байқамай қалған. Ол жағдайды өз бетінше шеше алмай, құтқарушылардан көмек сұрады.

Құтқарушылар құтқару операциясын абайлап жүргізіп, баланың саусағын босатты. Балаға медициналық көмек қажет болмады.

Саусағы қысылып қалған құбыр, бала ойнаған бағанның тұтқасы еді.