Оқиға

ШҚО-да есірткі граффитилері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды

Қоғамда «Заң және тәртіп» қағидатын одан әрі нығайту мақсатында Өскемен қаласында «есірткі граффити» деп аталатын – есірткі сататын онлайн-дүкендердің жарнамасы мен «қоймашы болып жұмыс істеу» туралы ұсыныстар жазылған жазуларға қарсы ауқымды акция өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Акцияға қала прокуратурасының, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және жастар қозғалысының белсенділерінен құралған 100-ге жуық адам қатысты.
 
Тұрғын үй аулаларын аралау барысында 50-ден астам есірткі граффитилері анықталды. Рейдтердің нәтижесінде «Есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 299-1-бабы).
 
Еске саламыз: мұндай жазуларды салу - бейқам әрекет емес, бұл қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және ауыр жазаға, тіпті бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін.
 
Облыс прокуратурасы тұрғындарды мұқият болуға шақырады: егер күмәнді жазуларды байқасаңыздар, дереу полицияға хабарлаңыздар. Бұл - әрқайсымыздың жастардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, қаламыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесіміз.