ШҚО-да екі балықшы суға батып кетті
Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында екі балықшы суға батып кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұқтырма су қоймасындағы Торанғы шығанағында қайық аударылып, 1993 және 1986 жылы туған екі адам суға батып кетті.
«ТЖД сүңгуір-құтқарушыларының күшімен іздеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде қаза тапқандардың денелері табылып, судан шығарылды. Оларда құтқару кеудешелері болмаған», - деді облыстық ТЖД.