Оқиға

Семейде вагон арасымен өтпек болған әйелді пойыз басып кетті (видео)

Жантүршігерлік оқиға Семей қаласында Дулатов көшесіндегі темір жол өткелінде, Жансая базары маңында 14 сәуір күні сағат 16:30 шамасында болған, деп хабарлады Elordainfo.kz  Abainewskz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға тоқтап тұрған көліктің камерасына түсіп қалған. Онда әйел адамның пойыздың толық жүріп кетуін күтпестен, вагондардың арасынан өтпек болғанын көруге болады. Алайда пойыз қозғалып, әйел адамды басып өтіп кетті.

Оқиғаның куәгерлері әйел адамды пойыз астынан шығарып алғанымен, ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Көліктегі полиция департаменті Семей стансасындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.