Оқиға

Семейде сиырларды «жигулиге» тиеп алған ер адам анықталды

Абай облысының тұрғыны «жигулидің» салонына екі сиырды тиеп алған видеосы Instagram әлеуметтік желісінде тараған, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Видеодан екі сиырдың көліктің артқы орындығына «жайғасып» алғанын көруге болады.

35 жастағы ВАЗ-21060 көлігінің жүргізушісі жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осы баптың санкциясымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.