Оқиға

Семейде оқушыны жабылып ұрған балалардың әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды

22 ақпанда Абай облысында болған аталған оқиғаға қатысты комиссия отырысы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 «Қазір кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаға қатысушылардың барлығы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мамандандырылған мектепке жіберілді. Сондай-ақ жеткіншектер қоғамнан уақытша оқшауланып, олармен түзету жұмыстары жүргізіледі», - деді Абай облысы Полиция департаменттің бастығының орынбасары Ернар Базаров. 

Оның айтуынша, комиссия нәтижесінде үш ата-ананы ата-ана құқынан айырылып, ал екі балаға қатысты қамқоршылық тоқтатылды.