Семей орталығында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті
Семей орталығындағы қиылыста жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметіне сәйкес, оқыс жағдай 2025 жылғы 14 қыркүйекте Семей қаласында Ибраев пен Уранхаев көшелерінің қиылысында болған.
«Жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жылу торабына жақын маңда жол жамылғысы опырылып түсті.
37 жастағы Шансиман жүргізушісі аталған учаскеден өтіп бара жатып, көлігімен пайда болған шұңқырға жартылай түсіп кеткен. Зардап шеккендер жоқ. Тек материалдық шығын келтірілген», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері аумақты қоршап, қауіпсіздік шараларын қабылдаған. Оқыс жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.