Оқиға

Семейде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» филиалының директоры ұсталды

Абай облысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директоры жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлады Elorda.info ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек ол ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген.

Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

-->

Ведомство таратқан мәліметке сүйенсек ол ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінген.

2023 жылғы 27 шілдеде ҰҚК Абай облысы бойынша департаменті  Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп аумақтық прокуратураның үйлестіруімен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының директорын ұстады. Ол Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-тармағымен (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қарастырылған жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді,-делінген ҰҚК таратқан мәліметте.

Ұсталған адам Семей қаласының уақытша қамау изоляторына тоғытылды.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.