Оқиға

Сарыағаштағы сұмдық: Бас прокурор қылмыстық істі жеке бақылауына алды

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында болған қылмыстық істі тергеп-тексеруді Бас прокурор жеке бақылауына алды, деп хабарлады Elorda.info.

Ол осы жылдың мамыр айында алкогольдік ішімдік ішу барысында орын алған жанжалда ауылдасын балтамен ұрғаны үшін сотталған. Сот Г. жәбірленушімен татуласқанын және оның бұрынғы соттылығы өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындаған. 

Бас прокуратура аталған үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыруды тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді.

Пробациялық бақылауда болған Г. аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, пробация қызметінің қызметкерлеріне қатысты салғырттық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Президенттің тапсырмасына сәйкес жеке адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер топтамасы әзірленуде.

Айта кетейік, осы қылмыстар бойынша санкцияларды қайта қарау, жазаларды тағайындау және одан босату, соттылығын өтеу тәртібін, жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу шарттарын өзгерту мәселелері пысықталуда.  

-->

Полиция қызметкерлері қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған аудан тұрғынын ұстап, қамауға алды. Осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда.

Күдікті Г. 2006 жылы адам өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталғаны анықталды, - делінген Бас прокуратураның ақпаратында.