Оқиға

Сарыағаштағы 5 жасар қызды азаптап өлтірген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі қарады, деп хабарлады Elorda.info 

Бұл туралы Түркістан облыстық соты өткізген сот үкімі бойынша түсіндірме брифингте  айтылды. 

Оқиға 13-шілде күні болған. Күдікті спирттік ішімдік ішкен мас халде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап кіргізген. Содан, күш қолдану арқылы жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушіні асхана пышағымен көкірегі мен іш-аумағынан бірнеше рет кескілеп өлтірген. 

Сот үкімі күдікті қамауда отырған Шымкент қаласы Сәуле ықшамауданындағы  ИЧ-69 мекемесінде оқылды. 

Сот процесі кезінде күдікті соттан жазасын жеңілдетуді сұраған. Алайда, судья   қылмыстың ауырлығын және сотталушының бұрын да істі болғанын ескеріп күдіктінің өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды. 

-->

48 жастағы сотталушы «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Сондай-ақ, кастрация жасалады және жәбірленуші тарапқа 100 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді,- деді брифингте. 