Оқиға

Садуақас Байгабуловтың пара алғаны анықталды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде  ведомствоға  қарасты «Ұлттық сараптама орталығы» басшысының бұрынғы орынбасары С. Байгабуловқа қатысты Антикордың ұсынысы қаралды, деп хабарлады Elorda.info. 

Ведомствоның дерегінше,  С. Байгабулов 2023 жылғы 18 мамырдағы №18Ж/Қ бұйрығына сәйкес, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының орынбасары қызметінен босатылған.  

Алайда, комитет таратқан мәлімдемеде ұлттық сапаға жауапты экс-шенеуніктің қанша көлемде пара алғандығы туралы ешқандай ақпарат келтірілмеген. 

-->

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Жетісу облыстық филиалының директоры  А. Манкеев қызмет бойынша ауысу мақсатымен өзінің басшысы С. Байгабуловқа («Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК төрағасының бұрынғы орынбасарына) ақша қаражатын бергені анықталды,- делінген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан ресми мәліметте.