Құрылысшы мен «қонақ»: Атырауда мигранттар жазаланды
Атырау облысының сотында осы аптада екі Өзбекстан азаматының істері қаралды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.
Бірінші жағдайда құрылысшы ЖШС-де жұмыс істеген, бірақ қажетті құжаттары болмаған. Сот оны кінәлі деп танып, елден шығарып жіберу туралы қаулы қабылдады. Қаулы заңды күшіне енді.
Екінші жағдай Жылыой ауданында тіркелген. Бұрын жазаланған Өзбекстан азаматы қайтадан шекараны кесіп өтіп, Құлсарыға келген. Ол тіркелген, бірақ мерзімі аяқталған соң кетпеген. Сотта өз кінәсін мойындап, «кетуге мүмкіндік болмады» деп түсіндірген.
Оған шамамен 59 мың теңге айыппұл салынды, бірақ бұл қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.