Рудныйда дәмханадан шыққан өрт сөндірілді
Бүгін Рудный қаласында Ленин көшесіндегі бір қабатты жеке ғимаратта орналасқан дәмханалардың бірінде өрт шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала ақпарат бойынша, дәмхананың шатыры жана бастаған.
«Өрт туралы хабарлама шұғыл қызметтерге түсіп, содан кейін оқиға орнына жедел өрт сөндіру жасақтары жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекет етуінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
Қазіргі уақытта өрт оқшауланды», - делінген хабарламада.