Оқиға

Өрт шыққан кен орнынан 224 жұмысшы жер бетіне шығарылды

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты шахтадан шыққан өрт кезінде қалып қойған жұмысшыларды құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады Elorda.info 

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

-->

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жер астынан өрт шыққан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментіне қарасты «Казахстанская» шахтасында 224 адам жер бетіне шығарылды,-делінген ақпаратта.  Бұрын хабарланғандай, 17 тамыз күні сағат 10:05-те D6 көмір баурайында (горизонт – 170 м) жұмыс орнында конвейер тұтанған. Төтенше жағдайды жою жоспары әзірленді. Оқиға кезінде жер астында 227 адам болған. Жұмысшыларды эвакуациялау бүйірлік оқпан арқылы жүзеге асырылды. Оқиға орнында ТЖД «КӘТҚҚ» және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталатын болады,- делінген компания берген мәліметте.