Оқиға

Ресейде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

Ресейдің Волгоград облысында Қазан – Адлер бағытымен келе жатқан жолаушылар пойызы КАМАЗ жүк көлігімен соқтығысып, бірнеше вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлады Elorda.info 24.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей теміржолы компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, апат кезінде пойызда 800-дей адам болған. Соның 140-ы жарақат алған. Арасында балалар да бар.

Зардап шеккен азаматтар ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиға орнында 324 маман мен 109 техника жұмыс істеп жатыр.

Апаттың мән-жайы анықталуда. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.

-->