Прокурорларға оқушылардан 1800-ден астам буллинг туралы шағым түсті
Telegram арнасындағы чат-боттар мен мектептерденгі QR-кодтар арқылы прокурорларға қысқа уақыт ішінде оқушылар мен мұғалімдер тарапынан орын алған бұзақылық пен буллинг туралы 1 809 хабарлама түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Тексеру нәтижелері бойынша 192 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ал 1 617 адаммен профилактикалық әңгімелер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар қамқоршыларға, асырап алушыларға, ата-аналарға және басқа да тұлғаларға қатысты 93 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
11 мың ата-ана мен заңды өкілдер бала тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
342 бала аса ауыр жағдайға тап болғандықтан, қолайсыз отбасылардан мемлекет қамқорлығына алынды.
Ал 54 ата-ананың құқықтарын шектеуге және 92 ата-ана құқығынан толық айыруға байланысты сотқа талап-арыздар берілді.