Полицейлер заңсыз өндірілген шаянды тәркіледі
Полицейлер 15 тоннадан астам заңсыз өндірілген artemia salina шаянын тәркіледі, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, СҚО прокуратурасының үйлестіруімен Мамлют ауданында рұқсат беретін құжаттарынсыз шаян тәрізділерді өндіруді ұйымдастырған солтүстікқазақстандықтардың тобын анықтап, ұстады. Жазда тіркелген кәсіпорын аумағында және күдіктілердің бірінің жеке ауласында барлығы 15 тоннадан астам, оның ішінде 12 тоннадан астам қайта өңделген шаян тәркіленді.
Ұстауға “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері және жылдам қимылдайтын жасақтың қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ күдіктілердің бірінен 7,62 калибрлі мылтық қаруына арналған 6 патрон, екіншісінен дыбыс азайтқышы бар тапаншаға арналған ойығы бар ПМ тапаншасы және оған арналған 4 патрон тәркіленді.
-->СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, СҚО прокуратурасының үйлестіруімен Мамлют ауданында рұқсат беретін құжаттарынсыз шаян тәрізділерді өндіруді ұйымдастырған солтүстікқазақстандықтардың тобын анықтап, ұстады. Жазда тіркелген кәсіпорын аумағында және күдіктілердің бірінің жеке ауласында барлығы 15 тоннадан астам, оның ішінде 12 тоннадан астам қайта өңделген шаян тәркіленді.
Ұстауға “Арлан” арнайы мақсаттағы бөлімшесінің қызметкерлері және жылдам қимылдайтын жасақтың қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ күдіктілердің бірінен 7,62 калибрлі мылтық қаруына арналған 6 патрон, екіншісінен дыбыс азайтқышы бар тапаншаға арналған ойығы бар ПМ тапаншасы және оған арналған 4 патрон тәркіленді.
Заңсыз өндіру фактісі ҚР ҚК-нің 335-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Барлық мән-жайды жан-жақты және объективті зерделеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Залалдың алдын ала сомасы шамамен 150 млн теңгені құрайды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, – деді СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов.