Оқиға

Атырауда ер адам көп қабатты үйдің шатырынан секірмекші болды

1 ақпан күні сағат 10:06 шамасында 102 арнасына қала тұрғыны Алмагүл мөлтек ауданындағы көп қабатты үйдің шатырында інісінің өзіне қол жұмсамақшы болып тұрғаны туралы  дабыл қаққан, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Серік Жолдығалиұлы мен Нұрсұлтан Жақсыбаев, учаскелік полиция инспекторлары Бағытжан Сабырғалиев пен Ерболат Сапашев жедел жетті. 

«Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған 19 жастағы азаматты шатырдан түсіріп алды», - делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта азамат жедел-тергеу тобына тапсырылып, аталған оқиғаға байланысты тиісті шаралар жүргізілуде.

Фото: видеодан скриншот/ Polisia.kz