Оқиға

Полицейлер көшеде тыр жалаңаш жүгіріп жүрген жігітті ұстады (ВИДЕО)

Қостанайда 19 жастағы жігіт қала көшелерінде «киімсіз марафон» ұйымдастырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды. Әрине, полиция бұл әрекетті назардан тыс қалдырған жоқ.

Медициналық тексеріс нәтижесінде ұсталған азаматтың седативті заттар қолданғаны анықталды.

Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.