Полицейлер 25 ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғады
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың көшбасшылары мен қатысушыларына қатысты 25 қылмыстық іс, оның ішінде трансұлттық сипаттағы белгілері бар ұйымдасқан қылмыстық топтар бойынша төрт істі қозғады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қылмыстық қоғамдастық құрудың бір фактісі анықталды. Сондай-ақ бірінші рет трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Аталған істер бойынша қылмыстық қудалау орбитасында тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған криминалитет өкілдері бар.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және Бас прокуратурамен бірлесіп, мемлекетаралық деңгейде дәлелдемелік базаны жинау бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Барлығы 100-ден астам адам жауапкершілікке тартылуда.
Бандитизмге қарсы күрес Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.