Перизат Қайраттың ісіне қатысты сотта Бауыржан Байбектің аты аталды
Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кезекті отырыста прокурор айыптау актісін жария етті. Сот отырысы барысында Перизат Қайрат пен оның анасы өздеріне тағылған айыптармен келіспейтіндерін мәлімдеді.
Сондай-ақ Перизат Қайрат сот, ең алдымен, қордың басқа құрылтайшыларын сұраққа тартуы керек екенін айтты.
Ол Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Бәйбектен жауап алуды сұрады.
«Қордың құрылтайшысын сұраққа алудан басталса деген тілек бар, өйткені айыптау актісінің алғашқы абзацынан-ақ мені анаммен бірге қор құрды, қолдарды қолдан жасады деп айыптап отыр. Ал шын мәнінде ол қор Байбек Бауыржан басқарып тұрған партияның жанынан құрылған», - дейді Перизат.