Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
Бұл туралы Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өрт туралы хабарлама 20 қараша күні таңғы сағат 07.46-да түскен.
«Өрт сөндірушілер жеке тұрған үйден ер адамның денесін тапты. Сонымен қатар екі газ баллоны шығарылды», - делінген хабарламада.
Тілсіз жау 15 шаршы метр алаңды шарпыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.