Оқиға

Павлодарда есірткіге мас жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жолаушыларға жол қауіпсіздік ережелерін қатаң түсіндіріп келеді. Алайда осы ережелерді сақтамаудың соңы кейде қайғылы оқиғалармен аяқталады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Павлодар – Қызылорда автожолында патрульдік полицейлер КамАЗ жүк көлігін тоқтатты. Полицейлер тексеріс барысында жүргізушінің орынсыз мінез-құлқын, жағымсыз қылықтарын байқап, көлікті есірткіге мас күйде басқарғанын анықтады. Жүргізушінің жағдайы медициналық куәландыру қорытындысымен расталды.

Павлодар полиция департаментінің хабарлауынша, құқық бұзушы азамат 2024 жылдың қыркүйегінде көлік басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.

«Заң мен тәртіп» қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қолдауға бағытталған. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.