Оқиға

Павлодарда азаматтарды 100 млн теңгеге алдаған әйел ұсталды

Павлодар облысының полициясы алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамауға алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бір уақытта облыстың бірнеше тұрғыны бір адамға қатысты алаяқтық әрекет туралы полицияға арызданған. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың танысы бизнесті дамыту сылтауымен сенімге кіріп, қомақты қаржыны қарызға алған. Алайда көрсетілген мерзімде қарыз қайтарылмаған. Залал сомасы 100 миллион теңгеден асқан. Алаяқтыққа күдікті әйел ұсталды.

Қазіргі уақытта оның аймақтағы басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – дейді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында 169 алаяқтық дерегі тіркелген.