Павлодар облысында жол апатынан жүргізуші мен жолаушы қаза тапты
Павлодар облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қаңтарда Павлодар-Қызылорда автожолының 1 233-шақырымында Hyundai Accent және КамАЗ соқтығысты.
Оқиға салдарынан Hyundai Accent жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алған тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады департамент.
Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды және көлік құралының техникалық жағдайын бақылауды ескертті.