Павлодар облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты (ВИДЕО)
Қайғылы оқиға 23 қыркүйек күні «Павлодар-Қызылорда» автожолының Байет ауылынан 5 шақырым жерде болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Lucida автокөлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, Sitrak жүк көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан Toyota автокөлігі өртеніп кеткен.
Полиция департаментінің мәліметінше, 4 жолаушы мен жүргізуші қаза тапты.
Оқи отырыңыз: Ішкі істер министрлігі жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады
Полиция департаменті осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде аса мұқият болу және көліктің техникалық жағдайын бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.