Оқиға

Павлодар облысында мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген 660 млн теңге ұрланғаны анықталды

Павлодар облысының прокурорлары мемлекеттік бағдарламаларды орындау барысында жарты миллиард теңгеден астам бюджет қаражатының ұрланғанын анықтады. Заңсыздықтар әсіресе ақпараттандыру мен әлеуметтік тұрғын үй салаларында тіркелген, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Прокурорлық тексеріс барысында ақпараттандыруды дамыту өңірлік орталығында жеткізушілерге нақты көрсетілмеген қызметтер үшін 110 млн теңге бюджет қаражатынан заңсыз төленгені анықталды.

Ауылдық елді мекендерді интернетпен қамту, жер және сәулет салаларын цифрландыру тек құжат жүзінде ғана орындалған.

Ақсу қаласында әлеуметтік тұрғын үй салу кезінде жоқ тауарлар мен орындалмаған жұмыстар үшін мердігерге 450 млн теңге заңсыз төленген. Бұл жағдай құрылысты ұзаққа созылған нысанға айналдырды.

Мемлекет мүддесіне қарсы жасалған бұл әрекеттердің қоғамға тигізетін салмағы ескеріліп, іс бойынша арнайы прокурорлар тергеу жүргізіп жатыр, - делінген Бас прокуратура жазбасында. 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды.