Оқиға

Қостанайда жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

Қостанай облысында өткен жылдың желтоқсан айының соңында жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тобыл ауылының тұрғыны Еркен Өлмісеков желтоқсанның 23-і күні жоғалып кеткен. Ол үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, одан кейін оны ешкім көрмеген.

Бейімбет Майлин ауданына қарасты Новоилиновка ауылында орналасқан темір-бетон зауытының аумағынан зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ ер адамның денесі табылды.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары басталды.