Қостанайда жантүршігерлік жол апатынан 4 адам көз жұмды
Қостанай облысындағы тасжолда шағын автобус мен бульдозер соқтығысқан, деп хабарлады Elorda.info.
Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемегені анықталды.
ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
-->
24 тамызда Қарабұтақ – Қостанай тасжолының 495-шақырымында Toyota шағын автобусының жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан, - делінген Polisia.kz telegram каналында.