Қостанай облысында жарылыс болып, адамдар үйінді астында қалды
Оқыс оқиға бүгін сағат 12:36-да болған, деп хабарлады Elorda.info.
«Наша газета» мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 12:36 шамасында Энергетиктер, 1 (бұрынғы Красный партизан) мекенжайында болған.
ТЖД мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылысынан бір қабатты ғимарат қираған. Соның салдарынан 7 адам үйінді астында қалған.
Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Облыс әкімі де жарылыс болған жерге келді. Жедел штаб құрылды.