Оқиға

Оралда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Орал қаласында қоқыс контейнерінің қасынан өтіп бара жатқан тұрғындар жаңа туған сәбидің мәйітін тауып алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл оқиға туралы бейнежазба Kris_p_astana Telegram-арнасында жарияланды. Қоқыс контейнері Зачаганск ықшам ауданындағы Бірлік көшесі, 17-үйдің жанында орналасқан.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жүргізіліп жатыр. 

«Орал қаласында жаңа туған сәбидің мәйіті табылуына байланысты полиция қызметкерлері анасының жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр»,- делінген хабарламада.