Оралда ер адам абайсызда пойыз астына түсіп мерт болды
Оралда ер адам абайсызда пойыз астына түсіп көз жұмды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қайғылы оқиға 4 ақпанда түстен кейін болды.
«Теміржол көлігінің қозғалысы нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкеп соққан немесе қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп хабарлады полиция департаменті.
Сот шешімі бойынша айыпталушы жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.