Оқиға

Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

10 маусым күні Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде 8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды.

«Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен. Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,- делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.