Оқиға

Қорғаныс министрлігі әскерде сарбаздарды ұрған видеоға қатысты түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде әскери қызметшіге қатысты заңсыз әрекеттер бейнеленген видеороликтің таралуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Аталған бейнематериал – «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Баткен» көркем фильмінің үзіндісі болып табылады және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне ешқандай қатысы жоқ. Роликке қазақ тіліндегі дыбысжол жасанды интеллекттің дипфейк технологиясы арқылы жүктелген», - делінген хабарламада.

Министрлік БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.