Оқиға

«Оны көрген жоқпын»: Айыпталушы Тоқтаубаев Шерзаттың анасының түсініктемесін жоққа шығарды

Бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы іс құжаттары зерттеліп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Сот отырысында жәбірленуші Гүлбара Бишембиева мен айыпталушы Нұрқияс Ильясовты беттестіру кезіндегі бейнежазба көрсетілді.

Бірақ беттестіруге айыпталушы Нұрқияс Ильясов қарсы болған.  

«Қарсымын. Мен бұл кісіні көрген жоқпын»,- деді айыпталушы видеожазбада.

Кейін жәбірленуші, Шерзаттың анасы Гүлбара Бишембиева оқиға болған түні Нұрқияс Ильясовтың іс-әрекетін айтқан.

«Дүкенге қарай бара жатқанда мылтықтың дауысын естідім. Бір қарағанда осы жігіттің қолында мылтық болды. Дүкен алдында 10-ға жуық адамды көрдім. Нұрқанатты және Шерзатты ұрды. Нұрқияс мылтықпен Шерзатты ұрайын деп жатқан кезде ол менің қолыма тиді, сосын Шерзатқа тиеді. Олардың барлығында пышақ болды»,- деді жәбірленуші.

Осыған дейін сот отырысында айыпталушы Нұрқияс Ильясовтың жәбірленушілер Қаржаубай Нұрымов пен Нұрқанат Ғайыпбаев арасындағы беттестіру бейнежазбалары көрсетілді. Ол кезде айыпталушы беттестіруге қарсы болмаған.

Еске сала кетейік, кеше  сот отырысында жәбірленуші Гүлбара Бишембиева мен айыпталушы Азамат Тоқтаубаевты беттестіру кезіндегі бейнежазба көрсетілді.  Бірақ оған айыпталушы Азамат Тоқтаубаев қарсы болған.