Қонаев қаласының тұрғынынан 2 келі есірткі мен мылтық тәркіленді
Қонаев қаласында 43 жастағы жергілікті тұрғыннан 2 келі есірткі мен мылтық тәркіленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Күдіктінің үйінен екі килограмнан астам есірткі құрамдас өсімдіктер тәркіленді. Сараптама бұл заттардың каннабис екенін растады. Сонымен қатар, заңсыз сақталған шолақ аңшы мылтығы табылды.
«Есірткі құрамдас өсімдіктерді заңсыз өсіру және қару сақтау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомствода.