Оқиға

Омбы-Майқапшағай тасжолында 4 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Омбы-Майқапшағай тасжолында бірнеше адам көз жұмған жол апаты болды. Бұл туралы Абай облысының Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz

3 қазан күні Омбы-Майқапшағай тасжолында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. 

Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.

Абай облысының Полиция департаменті барлық жүргізушіге рульге отырған әр сәтте аса мұқият болуды ескертеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Абай облысы Полиция Департаменті (@abai_department_police)