Оқиға

«Қолында пышағы бар»: Алматы әуежайында белгісіз ер адам қызметкерді кепілге алды

Әлеуметтік желіде Алматы әуежайында болған оқыс оқиғаның бейнежазбасы тарады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Желіде тараған видеодан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері әуежайдың қауіпсіздік қызметі мен шығарып салушы ер адам көмегімен құқық бұзушыны ұстады. 

«Тексеру барысында Алматы қаласының 67 жастағы тұрғыны анықталды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде»,- деп жазылған полиция хабарламасында.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от КӨЛІКТЕГІ ПД/ДП НА ТРАНСПОРТЕ (@koliktegi_pd)