Оқиға

29 қазан - Жалпыұлттық аза тұту күні

29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына қарасты Костенко шахтасындағы қайғылы жағдайға байланысты мемлекет басшысы осындай шешім қабылдап, тиісті өкім шығарды. Елдің барлық аймағында мемлекеттік ту төмен түсіріліп, ойын-сауық хабарлар тоқтатылды. 

-->

«Қарағанды облысындағы И.А. Костенко атындағы шахтада болған авария салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2023 жылғы 29 қазанда жалпыұлттық аза тұту жариялансын», - делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өкімінде.