Оқиға

Қызды зорлап, видеоға түсірген ер адам жазасын алды

Nemolchi.uz жобасы танысынан зорлық көріп, бопсалауға тап келген қыздың оқиғасы қалай шешімін тапқаны туралы туралы жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Nemolchi.uz жобасына зорланған қыздың әпкесінен үндеу түскен болатын. Оның айтқан мәліметі бойынша аталған арнада  таныс адамы қызды зорлап, кейін зорлық кезіндегі фотосуреттер мен бейнелерді әлеуметтік желілерге салғаны туралы жайт жарияланған болатын.

Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айында оның танысы көлікке күштеп отырғызып, қаңырап бос қалған жерге апарып, пышақпен қорқытып зорлаған. Мұның бәрін ол ұялы телефонының камерасына түсіреді. Кейінірек ол қыздан ақша сұрап, осы «фотосуреттер мен бейнелерді әлеуметтік желілерге таратамын» деп қорқытты. Ал қыздың мұндай ақшасы болған жоқ. Танысы болса, өзінің қоқан-лоққысын жүзеге асырып, әлеуметтік желілердің бірінен парақша ашып, сонда аталған суреттер мен бейнелерді жариялады. Жәбірленуші танысының әлеуметтік желіге салған суреттері мен бейнелерін көргеннен кейін болған оқиға туралы әпкесіне айтты. Оқиға туралы білген әпкесі дереу құқық қорғау органдарына жүгінген.

Жәбірленушінің өтініші бойынша Өзбекстан Республикасының әкімшілік жауапкершілік туралы Кодексінің («қорлау») 41-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Алайда іс алға жылжымады, жәбірлеуші бостандықта еркін жүре берді. Сонымен қатар, ол жәбірленушіден ақша талап етуді де тоқтатпады.

2024 жылдың сәуірінде зардап шеккен қыз бопсалау және интимдік фотосуреттер мен бейнелерді тарату туралы тағы бір мәлімдеме жасады. Бұл жолы зорлық көрсетушіге қатысты бопсалау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу барысында қыз зорлау туралы хабарлады, сонымен қатар өтініш берді. Алайда зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды. Ер адам қызға өтінішті қайтарып алуды талап етіп қорқытады. Алайда жәбірленуші мен оның туыстары істі соңына дейін жеткізіп, зорлаушыны жазалау қажет деп шешім қабылдады.

Бұл оқиға жәбірленушіге үлкен моральдық жарақат әкелді, ол ұзақ уақыт бойы сыртқа шығудан бас тартты. Берген арыз бойынша құқық қорғау органдарының ұзақ уақыт әрекетсіздігі, сондай-ақ зорлықшының арыз бергеннен және қылмыстық іс қозғағаннан кейінгі әрекеттері оның одан сайын жанын ауыртты.

Оқиға жарияланғаннан кейін  істі Хорезм облысы прокуратурасы бақылауына алады.

«Жақында зардап шеккен қыз істің барысымен бізбен бөлісіп, тергеу айыптау қорытындысымен аяқталғанын айтты. Жәбірленушінің сөзімен айтсақ, зорлықшыға бірден Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша, яғни 118-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы («зорлау»), 119-баптың 2-бөлігінің «г» тармағы («табиғи емес нысандағы жыныстық қажеттілікті күштеп қанағаттандыру»), 140-баптың 2-бөлігі («қорлау»), 141-3-баптың 2-бөлігі «а» тармағы («адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін және адам өмірінің жақын жақтарын көрсететін мәліметтерді жария ету»), 165-баптың 1-бөлігі және 165-баптың 2-бөлігінің «а» тармағы («бопсалау») бойынша айып тағылды.

Қазіргі уақытта зорлықшыға қатысты қылмыстық іс сотқа берілді. Қылмыстық іс сотта жабық отырыста қаралады», - деп жазылған хабарламада.

Nemolchi.uz жобасы арнасы бұл істі қарау қорытындысы бойынша қосымша ақпарат беретіндерін жазды.