Оқиға

Науқас қайтыс болған: Лицензиясы жоқ «дәрігерге» сот үкімі шықты

Астана тұрғыны дәстүрлі емес медициналық қызметпен айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, мемлекеттік айыптаушы абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған дәстүрлі емес шығыс медицинасымен айналысқан сотталғанның кінәсін дәлелдеді.

Сотталған тиісті куәліктері мен лицензиялары жоқ медициналық қызметпен айналысқан.

Ұйқысыздық шағымымен клиникаға жүгінген жәбірленушіге ҚР-да лицензияланбаған препарат инъекциясы енгізіліп, содан кейін оның денсаулық жағдайы күрт нашарлаған.

Науқас есін жимастан біраз уақыттан кейін қайтыс болды.

Прокуратура азаматтарды осы қызмет түрімен айналысуға тиісті рұқсаты жоқ адамдарға медициналық көмекке жүгінбеуге шақырады.

-->

Сараптаманың қорытындысы бойынша өлімнің себебі анафилактикалық шок болды. Сот үкімімен кінәлі адам медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, сотталды, - делінген хабарламада.