Министрлік бала ұрлау туралы жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады
Ішкі істер министрлігі мессенджерлерде таралып жатқан мигранттар мен балаларды ұрлау туралы «ескерту» жалған ақпарат екенін мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Министрлік мұндай мәлімдеме жариялаған жоқ. Азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.
Күдік тудыратын жағдайлар кезінде 102 нөмірі арқылы полицияға жүгініңіздер», - делінген хабарламада.
Құзырлы орын, сондай-ақ, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салды.