Оқиға

Мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды

Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген болатын.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн. теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.