Ақмола облысында мектеп автобусы оқушыны қағып кетті
Оқиға Ақмола облысы Қараөткел ауылында болған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салдарынан оқушы көз жұмған.
«19 ақпанда Қараөткел ауылындағы IT-мектептің аумағында мектеп автобусының жүргізушісі 2015 жылы туған қыз баланы қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факт бойынша полиция тергеу жүргізуде»,- деп жазылған полиция хабарламасында.