Оқиға

Мас күйде ұсталған имам 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды

Ақмола облысының соты Қостанай облысының бас имамының әрекетіне қатысты шешім шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

 

Айта кетейік, Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбетті тәртіп сақшылары Бурабайдағы «Регион» түнгі клубының жанында «Хайландр» көлігімен кетіп бара жатқанда қолға түсірген.

-->

 

«Сот қаулысымен Тәжімбет Бахытбек Нұрғабылұлы ҚР ӘҚБтК-нің 608- бабының 1 -бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған осы бап бойынша 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта

Айта кетейік, Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбетті тәртіп сақшылары Бурабайдағы «Регион» түнгі клубының жанында «Хайландр» көлігімен кетіп бара жатқанда қолға түсірген.