Оқиға

Маңғыстауда 243 млн теңге жымқырған колледж есепшісі сотталды

Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтердің 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізді.

«Маңғыстау аудандық сотының 2025 жылғы 9 шілдедегі үкімімен колледждің бас есепшісі ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 10 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналасу құқығынан айырылды»,- делінген облыстық прокуратура хабарламасында