Маңғыстау облысында есірткі арнасы жойылды
ҰҚК және Шекара қызметі департаменттері Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен есірткі жеткізудің халықаралық арнасының жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Есірткі сату кезінде ұсталған үш қазақстандық қамауға алынды.
Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.