Маңғыстау облысында донерді тегін тарату акциясының соңы айқай-шуға ұласты
Мұнайлы ауданында орналасқан кафе басшылығы донерлерді, суши мен орамдарды тегін тарату акциясын ұйымдастыруды жөн көреді. Алайда бұл ғимараттың алдында ығы-жығы халықтың жиналуы мен айқай-шуға ұласты, деп хабарлады Elordainfo.kz LADA.KZ-ке сілтеме жасап.
Желіде Қызылтөбе-2 ауылында тегін азық-түлік тарату акциясының шу тудырғаны туралы бейне пайда болды. Оқиға орнына полицейлер келді, олар жиналғандардан тыныштық сақтауды сұрауға мәжбүр болды. Аталған іс-шара 11 ақпанда кешке ұйымдастырылған болатын.
Маңғыстау облысының полиция департаменті кәсіпкермен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін хабарлады. Тамақтану пунктінің иесінің айтуынша, ол акция мұндай салдарға айналады деп ойламаған.
«Адамдардың көп жиналуына байланысты және ықтимал оқиғалар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін тегін тамақ таратылатын орын мекен жайы өзгертілді. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбайды. Кешірім сұраймын», - деді мекеме иесі.