Оқиға

Маңғыстау облысында белгісіз дрон табылды

19 маусым күні Маңғыстау облысының Қарақия ауданында, шекара маңындағы Болашақ теміржол станциясының жанынан белгісіз ұшатын құрылғы табылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған жағдайға байланысты Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

«Ұшатын аппарат елді мекендерден қашық орналасқан аумақта анықталды. Қазіргі уақытта ешқандай зардап немесе қауіп тіркелген жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр», – делінген ресми хабарламада.