Оқиға

Ұлытау облысында баланы ұрған тәрбиеші сотталды

Жезқазған қаласында балабақша тәрбиешісі үш жасар баланы ұрып жіберген, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Педагогке қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Сотта тәрбиеші жасалған құқық бұзушылық бойынша кінәсін мойындамады, бірақ оның кінәсі іс бойынша ұсынылған дәлелдемелермен, атап айтқанда балабақшадағы бейнебақылау камераларының бейнежазбасымен расталды», - делінген хабарламада.

Тәрбиешіге 3 жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылды.

Сот үкімі күшіне енбеген.